«Жомарт қақпақ» акциясы / Акция "Добрая крышечка"
75 мектепте «Жомарт қақпақ» акциясы өтті!
Өткен аптада мектебімізде экологиялық сананы дамытуға және ізгі істерге бағытталған ерекше акция аяқталды — «Жомарт қақпақ».
География және жаратылыстану пәнінің мұғалімі Азнакова Гүлнара Жолайқызының жетекшілігімен оқушылар үлкен ынтамен пластик қақпақтарды жинады. Акцияның мақсаты — қоршаған ортадағы пластикті азайту ғана емес, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмектесу болды.
Неге бұл маңызды?
Пластик қақпақтар қайта өңдеу үшін құнды шикізат болып табылады.
Оларды өткізу арқылы алынған қаражат көбінесе қайырымдылыққа бағытталады, мысалы, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған құрал-жабдық сатып алуға жұмсалады.
Біздің оқушыларымыз бірге болсақ, әлемді жақсы жаққа өзгерте алатынымызды көрсетті! Балалар қайта өңдеудің маңыздылығын үйреніп қана қоймай, ортақ мақсат үшін бірігу күшін сезінді.
Акцияға қатысқан барлық оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге алғысымыз шексіз!
Арнайы алғысымыз — ұйымдастырушы және шабыт беруші Гүлнара Жолайқызына.
Табиғатты қорғау және бір-бірімізге көмектесу — бізді нағыз адам ететін қасиет!
Акция "Добрая крышечка" в 75 школе!На прошлой неделе в нашей школе завершилась удивительная акция - "Добрая крышечка" направленная на развитие экологической осознанности и добрых дел!
Под руководством учителя географии и естествознания
Азнаковой Гульнары Ялкуновны учащиеся с энтузиазмом собирали пластиковые крышечки. Целью акции стало не только сокращение пластика в окружающей среде, но и помощь тем, кто в ней нуждается.
*~ Почему это важно?
Пластиковые крышки могут стать ценным сырьем для переработки.
Средства, вырученные от их сдачи, часто направляют на благотворительность, например, для покупки оборудования для детей с ограниченными возможностями.
А Наши ученики продемонстрировали, что вместе мы можем менять мир к лучшему! Ребята не только узнали, как важна переработка, но и почувствовали силу объединения ради общей цели.
~ Огромная благодарность всем участникам, а также родителям и учителям, поддержавшим эту инициативу!
Особая благодарность Гульнаре Ялкуновне за организацию и вдохновение.
Беречь природу и помогать друг другу - это то, что делает нас настоящими людьми!