Құттықтаймыз!!! / Поздравляем!!!
Ан Даниил – Ш. Құдайбердіұлы атындағы №75 КГУ ОМ 4 "Д" сыныбының дарынды оқушысы, домбыра шертуде өзінің ерекше қабілеттерін көрсеткен талант иесі. Жуырда ол «Күй-кембе» атты қалалық домбырашылар байқауына қатысып, құрметті үшінші орынды иеленді.
Даниил бала кезінен музыкаға әуес болып, әсіресе домбыра тартуды ерекше жақсы көреді. Бұл өнер ол үшін жай ғана хобби емес, шынайы құмарлыққа айналған. Оның еңбекқорлығы мен ынтасы елеусіз қалмады: ол мектептегі «Еркем-ай» үйірмесіне тұрақты қатысып, тәжірибелі ұстаз — Умырзакова Калдыкуль Даненовнаның жетекшілігімен домбыра сабағына белсенді қатысады. Сонымен қатар, түрлі шараларға қатысып, өзінің шеберлігін үнемі көрсетіп келеді.
Байқауда Даниил керемет орындаушылық шеберлігін көрсетті — оның ойыны әсерлі де, сезімге толы болды. Әділқазылар мен көрермендер оның өнеріне тәнті болып, нәтижесінде ол жүлделі орынға ие болды. Бұл жетістік оның музыкалық жолындағы маңызды кезеңге айналып, әрі қарайғы жетістіктерге жетеледі.
Мұғалімдері мен сыныптастары Даниилмен мақтанады және оны жаңа белестерге жету жолында қолдайды. Алда оны көптеген қызықты жобалар мен байқаулар күтіп тұрғанына сенімдіміз, онда ол өз талантымен бізді қуанта бермек!
Даниил с раннего возраста увлекается музыкой и особенно любит играть на домбре, что стало для него не только хобби, но и настоящей страстью. Его усердие и трудолюбие не остались незамеченными: он регулярно посещает музыкальные занятия в школьном кружке
«Еркем-ай» под руководством опытного преподавателя
Умирзаковой Калдыкуль Даненовны и участвует в различных мероприятиях, где демонстрирует свои навыки.
На конкурсе Даниил показал отличное мастерство, исполнение было ярким и эмоциональным. Его выступление вызвало восторг у жюри и зрителей, что и обеспечило ему призовое место. Это достижение стало важным этапом в его музыкальной карьере и вдохновило его на дальнейшие успехи.
Учителя и одноклассники гордятся Даниилом и поддерживают его на пути к новым вершинам. Мы уверены, что впереди у него много интересных проектов и конкурсов, где он продолжит радовать нас своим талантом!